$ 494.87  520.65  4.91

Той бизнесі жеңді: Желі қолданушысы Мейрамбек Беспаевтың «Жекпе-жек» жобасындағы әділетсіздікті айтты

Мейрамбек Беспаевтың «Жұлдызды жекпе-жек» жобасына әлеуметтік желі қолданушысы сын айтты. Алмас Маратұлы деген Facebook қолданушысы өз парақшасына жобаның үшінші кезеңінде әділетсіздік орын алғанын жазады.

Оның пікірінше, жекпе-жекке шыққан әнші Әбдіжаппар Әлқожа мен Әміреге Мейрамбек Беспаев дұрыс баға бермеген. Яғни, жоба рейтінгі үшін орындаушылық жағынан жоғары танылған Әмірені емес, жұртқа жүзі таныс болып қалған әншіні қолдады деп айыптап отыр.

«Той бизнес жеңді! "Хабар" арнасынан "Жұлдызды жекпе-жек 2-ні" көрдім. Əміре мен Əбдіжаппар Əлқожа деген əншілердің жекпе-жегі болып жатыр екен. "Əділ" қазылар, жарыс бойы Əміреге сүйсініп, даусының ерекшелігіне тəнті болып отырды да, аса құрметті Мейрамбек Беспаев Əбдіжаппарды келесі кезеңге өткізіп жіберді. Əрине оған рейтинг керек. Ал енді ғана үлкен сахнаға шығып жүрген Əміре рейтинг алып келе алмайды», - деп жазады желі қолданушысы.

Сондай-ақ, ол Әбдіжаппарды таңдайтыны бар, онда неге әділқазылар Әмірені эфир бойы мақтады дегенге де тоқталады. Сөз соңында «Əлқожаны тойда көріп қалсам ұят болар деген шығар Беспаев мырза» деп қазақ халқының танымал әншісін сынап тастады. Оның бұл пікірін көпшілік те құптай жөнелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары