Жұлдызды жұп Бүркіт пен Айшаның отбасына бүгін мереке. Айша 9 ай 9 күн бойы күткен сәбиін қолына алды. Сүйінші хабарды алғашқылардың бірі болып Бүркіт өзінің instagram-парақшасына жазды.
«Сүйінші!!! Кеше қалың жұрттың батасын алып, міне, бүгін қызды болдым! Әльxамдулилляһ! АЛЛАҺым разы болсын! Жаным менің үлкен раxмет саған қызым үшін!», - деп қуанышымен бөлісті әнші.Айта кетейік, 2010 жылы шаңырақ көтерген Бүркіт пен Айшаның енді екі ұлы бар бір қызы бар.