18.04.2018, 06:40

Алуа Қонарова кезінде ренжісіп қалған әншісін құшақтап, елді сүйсінтті (ВИДЕО)

Белгілі продюсер Алуа Қонарова кезінде өзінің қол астында жұмыс істеп, ренжіскен әншісімен қайта татуласты. «Аюми» тобының бұрынғы әншісі Айдана Шәріпхановамен құшақтасқан видеосын продюсер өзінің Instagram-парақшасына жүктеді.

Видеода Қонарова жылы жүзбен әншіні құшақтап, мәз-мәйрам боп отырады. Бұны көрген көпшілік продюсердің кең пейілді, ақ көңіл жан екенін айтып, риза болды.

Продюсер мен әнші арасындағы кикілжің Айдана Шәріпханованың тұрмысқа шығу шешімінен кейін болған. Қонарова әншінің тойына да бармай, қатты ренжіпті. Қазір кәсіпкерге тұрмысқа шыққан өнер жұлдызының 1 ұлы бар.   

Айта кетейік, жақында ғана Алуа Қонарова «Сиситай» фильмінің тұсаукесерінде жылдар бойы араздасып келген Баян Алагөзовамен татуласқан еді.