Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова соңғы бірер жылда Qazaqstan телеарнасында басшылық қызметте болған еді. Мұнда ол «Таңшолпан» бағдарламасына жетекшілік етті. Жасыратыны жоқ, қызметке қол жеткізгелі бері Гүлнұрды мақтайтындармен қатар сынайтындардың да қатары біршама артыпты. Бұл туралы әншінің өзі Instagram-парақшасына жазып, өзін «топас» дегендерге арнайы жауап берді.
«Мен бүгін өз парақшамнан бір оқырманымның «Маған осы кісі «Топас» сияқты көрінеді» деген пікірін оқыдым... Қалай ойласам да, қалай ойлансам да өзімді «топастардың» қатарынан көре алмадым... Ойлап қоям, топас болсам мектепті үздік аттестатпен, жоғарғы оқу орындарын «қызыл дипломмен» бітірер ме едім? Соңымнан ерген бауырларыма қамқор болып, ата-анамның батасын алып, үлкен әулеттің келіні болып, алтындай 2 ұлдың анасы атанып, менің әндерімді жақсы көріп тыңдайтын xалқымның сүйікті әншісі болып жүрмейтін едім ғой?
Қиындыққа мойымай, алға ұмтылғанымның, үлкенді «аға», «апа» деп құрметтеп, кішіні «іні», «сіңлім» деп басынан сипап ізет көрсеткенімнің жемісі деп ойлаймын. Осы пікірді жазған азаматқа айтарым: Өз өміріңізге ризасыз ба? Осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге жеттіңіз? Бір сәт ой елегінен өткізіңізші бәрін? Әр адамның бойынан "мін" іздеймін деп уақытыңыздың қалай өтіп кеткенін байқамай қалмаңыз! Өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін ұмытпағайсыз!», – деп жауап жауап жазды әнші.