$ 445.66  474.58  4.78

Дильназ Ахмадиева уәдесін орындамағаны үшін мүмкіндігі шетеулі балалардан кешірім сұрады

Наурыз айында Дильназ Ахмадиева мүмкіндігі шектеулі балаларға концерт беремін деп уәдесінде тұрмаған еді. Кейін балалардың әншіні ұзақ уақыт күтіп, ренжігендері белгілі болған. Осы олқылықтың орнын толтырып, Ахмадиева балалардан кешірім сұрап, арнайы концерт өткізді деп жазады Диапазон.

Дильназ Ахмадиева белгіленген концерт күні аяқасты ауырып қалыпты. Бірақ балаларға ол уәде еткенінен де көп ән орындап берді. Тіпті, музыкалары басылған таспаны да бүлдіршіндерге сыйға тартты.

«Ділназ балаларға концерт бере алмағаны үшін қатты уайымдады», – дейді қала әкімінің орынбасары Гүлбаршын Айдарханова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары