$ 446.49  475.38  4.79

Асанәлі Әшімов: «Димаш өте қарапайым жігіт»

Кеше Ақтөбедегі «Жұбановтар әлемі» музей-үйінде Қазақстанның белгілі өнер және мәдениет қайраткерлерімен кездесу өтті. Актер Асанәлі Әшімов, композитор Алтынбек Қоразбаев пен халық әншісі Татьяна Бурмистрова тұрғындармен әңгімелесіп, олардың сауалдарына жауап берді деп жазады Диапазон.

Кеште алғашқылардың бірі боп сөз алған Асанәлі Әшімов Ақтөбе жайлы айта келе, осында туған Димаш Құдайбергеннің өнердегі деңгейіне тоқталды.

«Димаш әлемдік әнші. Қазақстан ол үшін өте тар. 2 миллиард халқы бар Қытайды бағындырды. Мен оның әлемдік деңгейдегі әнші болғанын құптаймын. Бізге арада бір келіп, концерт өткізіп тұрса да жетеді. Қазақстанның атын шығарып жүргеніне өте қуаныштымыз. Америкаға барған кезде Димашпен Лос-Анджелесте жолықтық. Өте қарапайым жігіт екен», – деп әншіні мақтай жөнелген актердің сөзіне көпшілік қол соғып, ерекше қошемет көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары