20.04.2018, 03:43

Әбдіжаппар Әлқожа өзін «өзбекстандық» дегендерге жауап берді

Эстрада өкілі Әбдіжаппар Әлқожа өзін өзбек әншісі дегендерге жауап берді. Бұған дейін әншінінің қазақ екеніне Instagram қолданушыларының кейбірі күмән келтірген көрінеді.

«Сауатты тыңдармандарымнан ұяламын! Қазіргі таңда Іnstagram желісінде статистикасын көтеру үшін өлуге дайындай тірлік істейтін парақшалар көбейді. Соның бірі @kaz_zhuldyz. Сен кімсің? Мынауың сенің алаяқтық қой», - деп жазған Әбдіжаппар өзінің расымен де Өзбекстан елінен келгенін, бірақ таза қазақ екенін тәптіштеп түсіндіреді.

Сондай-ақ, әнші «Жекпе-жек» телевизиялық жобасында «Әміре жеңіске жету керек еді» деген тыңдармандарға жауап қатты.

«Ол жерде ел сыйлаған ағалар-әпкелер болды. Мен жеңісті сатып алатындай, олар маған сатыла қоятында жандар емес. Әміре мықты әнші, талантына нұр жаусын. Бірақ "Жекпе-жек" конкурс емес, ол – шоу-бағдарлама. Ол жерде қызықты өнер мен қызықты пікірталас болады. Мен де жатып алып айта аламын конкурс болса жай ырғақты әндерді. Мен стилім қалыптасқан әншімін», - дей келе Әбдіжаппар өзінің Әміре секілді кең көлемдегі «конкурстық» әнші емес, тойдың әншісі екенін мойындады.