$ 449.58  486.94  4.86

Мейрамбек Беспаевқа қылмыңдаған Ерке Есмахан жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

«Хабар» арнасынан шығатын «Жұлдызды жекпе-жек» жобасында бағын сынап жүрген Ерке Есмахан бағдарлама модераторы әнші Мейрамбек Беспаевқа арнап жазба қалдырамын деп басы бәлеге қалды.

«Жұлдызды жекпе-жектегі» есте қалар сәттердің бірі. Бәрін айт та, бірін айт, Мейрамбек ағамыздың биін-ай! Салмақты бейнесімен тек домбырасын, сосын қастарын ғана билететін Мейрамбек ағаның мұндай биін күнде көре бермейміз.

Аға, аман болыңыз, жұлдызы биікте жанған қайталанбас тұлғасыз. Біз сізбен мақтанамыз! Мен сізді Айлавью! – деп осы кезден жағымпаздана берейінші. Бәлкім, жобаның жеңімпазы болармын?! Сосын шетелде рахаттанып жатпаймын ба… Қазақпыз ғой», – деп қалжыңдады Ерке Есмахан өзінің Instagram-парақшасындағы жазбасында.

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасын жағымпаздыққа теңеп, түрлі ауыр сөздер жазды. Ал кейбірі, Ерке Есмаханның алдағы сайысына сәттілік тілесті.

Айта кетейік, табиғи дауыс сынға түсетін бұл жобаның бірінші кезеңінде Ерке Есмахан Зарина Омарованы басып озған болатын. Алдағы кезеңде әншінің кіммен сайысқа түсетіні әлі белгісіз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары