20.04.2018, 11:37

Көрсетпе құрысын! Бүркіттің қызына «құтты болсын» айтып келген Мақпал Жүнісова долларлап ақша берді (ВИДЕО)

Осы аптада Бүркіт желіге қызды болғанын айтып, халықтан сүйінші сұраған еді. Кейін Аишаны су ішінде толғатып, кіндігін әкесі кескені де белгілі болды. Қуанышты жаңалықтан кейін танымал әнші Мақпал Жүнісова Бүркіттің үйіне арнайы барып, «құтты болсын» айтты.

«Құтты болсын! Бауы берік болсын немереңіздің. Қыз деген жақсы ғой. Қазір көруге болмайды ғой. Қырық күннен кейін бір-ақ көрсетеді. Көрсетпе құрысын. Көз тиіп кетер», – деп Бүркіттің анасына 1 уыс доллар ұстатты.

Желі қолданушылар Мақпал Жүнісованың мәрттігіне таң қалып, риза болды.