Күні кеше ғана Қайрат Нұртастың Түркістанда жеке шығармашылық кешін өткізген Гүлзира Айдарбекова Төреғалидің концертін ұйымдастырушыларға өкпесі қара қазандай екенін жеткізді. Ұлы Дала баласының жақтастары Қайраттың афишасының үстіне Төреғалидің концертіне шақыру қағазын жабыстырып, адам жинамақ болыпты.
Айдарбекова бөліскен видеода Төреғали Төреәлінің Түркістанда 1 мамырда өтетін кешінің афишасы ілініп тұр. Жабыстырылған қағазды кадр сыртында арнайы жыртқан кісі, астында Қайрат Нұртастың афишасы тұрғанын көрсетеді.
«Ұйымдастырушылардың жабыстырған жарнамасының үстінен афиша жабыстырып, қанша жерден қара пиғыл болғанымен, Алла қолдап, бәрі сәтімен өтті. Сыртта қаншама адам билет таппай шулап та жатты. Осы абыройымыздан Алла айыра көрмесін. Төреғалидің емес, әр конценрттің өз ұйымдастырушыларының ниеті болар. Тек Алла жар болсын», – деп жазды Айдарбекова өзінің Instagram-парақшасына.
Желі қолданушыларының басым көпшілігі Төреғали Төреәліні қаралап, ауыр сөздер жазған.
«Төреғали да қоймайды екен қанша абыройы түссе де», – деп пікір қалдырған nazsattarhanova_ есімді желі қолданушысы.
Кеше түнгі 11 шамасын жазылған жазбасын не екені белгісіз Гүлзира Айдарбекова таңертеңге дейін өшіріп тастапты.