Танымал әнші Жанар Дұғалованы қапсыра құшақтаған Нұржан Керменбаев ұрыс естіп қалды. Көпшілік оның отбасылы екенін еске салып, «ұялмайсың ба?» деп сөкті.
«Апатайыммен мына кадрды ұстау үшін мың рет түстік», – деп әнші Instagram-парақшасына Дұғаловамен түскен қысқа видеосын жүктеген.
Желі қолданушылары болса: «Ұялмайсың ба? Не сұмдық мынау?», «Әйелің бар емес па?», – деп жан-жақтан жағымсыз пікір жазысты. Десе де, кейбірі видеодан ешқандай әдепсіздік көрмегенін айтады.