26.04.2018, 03:35

Дәретханадағы суретін жүктеген Ділназ Ахмадиева күлкіге қалды

Отандық жұлдыздар желіде белсенді. Түрлі бейнелер, суреттер, қайда демалып жатқанын, кіммен демалғанын, тіпті не жегеніне дейін салып отырады. Жұлдыздардың өміріндегі соңғы жаңалықтарының барлығын желідегі жеке парақшаларынан хабардар болып отырады жанкүйерлері.

Бірақ осы жолғы жарияланған сурет өзгешелеу. Туалет дизайны ұнамаған Ділназ Ахмадиева желіге сурет жүктеп, жұрттың күлкісіне қалды.

«Керемет. Дизайнерге қошемет»,- деп жазды Ділназ.

Сурет желідегілердің көңілін көтерді. Тым төмен орналасқан қағаздарды атап өтіп, қазірде ондай заттар әркімнің өзінде болу қажеттілігін атап өтті.

 «Ұят-ай», «Қазақстан ғой қайтесің енді», «Дизайнер қалай ойлаған өзі?», деп пікірлерін жаудыртып жатты желідегілер.

Алайда, бірнеше уақыттан соң, Ділназ аталмыш суретті парақшасынан алып тастады.

Дереккөз: 365info.kz