Белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай тұңғышы Мүсілімді 6 жасқа толған туған күнімен құттықтап, Instagram-парақшасына жазба қалдырды.
"Үміт еткен көзімнің нұры балам... Әке деген ерекше сезімді тұңғыш рет тұңғышым сен дүниеге келгенде сезіндім. Сен туған күн мен үшін бақытты күн! Мен әрдайым жаныңдамын! Туған күнің құтты болсын!", – деп ол ұлымен түскен суретімен бөлісті.
Садырбайдың оқырмандары да ұлына ұзақ ғұмыр тілеп, тілеулес екендерін жеткізді.
Айта кетейік, Асхат Садырбай қазір екінші әйелімен бірге өмір сүріп жатыр. Олардың ортақ некелерінен тағы да ұл бала бар.