27.04.2018, 11:30

Әнші Бүркіт үшінші қызының есімін қойды

Жақында ғана қызды болған Бүркіт кежесінің атын қойды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

«Бисмилляһ! Алланың қалауымен дүниеге келген сәбиіміздің есімін Сафия ( Safiyyah) деп қойдық! Қуыршағым менің, денсаулығың мықты боп, xалқыңның сүйікті қызы боп өс! Инша Алла», – деп қуанышымен бөлісті әнші.

Бүркіт пен Айша бұған дейінгі қыздарының атын қоярда да ұзақ ойланып, тіпті екі апта бойы сәбилері есімсіз жүрген.