$ 446.49  475.38  4.79

Мәдина Садуақасова тарихи фильмде батыр ананың рөлін сомдауы мүмкін (ФОТО)

Танымал эстрада жұлдызы Мәдина Садуақасова кешелі бері желідегі парақшасына жүкті әйелдің кейпіне еніп, түрлі суреттер жүктеп жатыр. Тыңдармандары әншіге не себепті бұлай киінгенін сұрап жан-жақтан жағадан алды. Садуақсова болса, асықпай бәріне былай деп жауап берді.

«Ал, басынан бастайын… Тарихи киноның кастингіне арнайы шақырды. ХVІ ғасырда өмір сүрген әйгілі қазақтың қаһарман батырының анасының рөліне. Мынандай кастингке алғашқы баруым. Өте ұзақ грим жасалды. Сосын одан ұзақ қандай тұлғаны, оның образы қандай, тарихын, оқиғасын, сосын ғана ойнайтын сәті жайында айтып берді…

Әрине, кәсіби актриса емеспін, бірақ қазағымның тарихы, ата бабаларымыздың ерліктері жайында әңгіме қозғалса, еліміз, жеріміз үшін қалай шайқасқандарын айтқанда қазақ рухтанады ғой… Ал енді сол батырдың анасының бейнесін шынайы көрсетіңіз дегенде…

Қыздар, шыныңызды айтыңыздаршы, типажыңыз келіп тұр, кинода ойнасыз ба?» – десе, кім  келіспейді?! Мен де көрейін дедім, енді», – деп түсіндірді Сәдуақасова.

Тарихи фильмнің түсірілімі қашан басталып, көрерменге жол тартатыны жайлы ешқандай ақпарат жоқ. Тіпті, туындының аты да әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары