Жаңа жыл қарсаңында Олжас Абай мен Кәмшат Жолдыбаева эфирде сүйісіп, жұрттың ашуына тиген еді. Әнші бұл сәттің жай ғана кадр үшін жасалған дүние екенін айтып ақталды деп жазады Zhuldyz.kz.
«Енді бұл туралы мен не айта аламын? иә, бұл біздің салтымызға, дінімізге, менталитетімізге ерсі дүние шығар. Бәрақ, әртіс болған соң бәрі болады. Кейде қойылған талапты орындайсың. Кейде бас тартасың. Кейбірі осындай шу әңгіменің жүргенін де қалайды ғой. Бірақ, қандай мақсатпен ойластырылғанын білмеймін. Режиссердің талабы осындай болды. Бізге "Тек еріндеріңді тигізсеңдер болды. Ары қарай монтаждай саламыз" деді. Артық ештеңе болған жоқ. Өзім актер ретінде мұнда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бұл - жай ғана образ», – деді Олжас Абай.