Димаш Құдайберген Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шарада туған қарындасы Раушанмен бірге өнер көрсетті. Күні кеше олар Instagram-парақшасына концерт алды дайындықтарын салып, халық әні «Дудар-айды» шырқаған. Алайда, кеште ағалы-қарындастың Селин Дионның «All By Myself» әнін шырқағаны белгілі болды.
«Мен Қазақстандамын. Туған жеріме, еліме, Астанама келдім. Арнайы мерекелік шараға ат басын бұрып, Елбасымыз бен жерлестерімнің алдында өнер көрсету бақытына бөлендім. Бұл жолы қазақ еліне ыстық ықыласын білдіру үшін туған қарындасым Раушантай ең алғаш рет сахнаға шықты. Болашақта қандай мамандықты таңдасаң да, ең бастысы халқыңа қалаулы, еліңе елеулi бол, ботақаным!» – деп жазады Димаш Құдайберген желідегі парақшасына.
Айт кетейік, мерекелік шараны елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады.