$ 448.15  483.46  4.86

Әнші Саят Медеуов өмірінде алғаш рет бейнеклип түсірді (ВИДЕО)

Танымал әнші Саят Медеуов тыңдарманына алғашқы бейнебаянын ұсынды. «Әке» деп аталатын жаңа клиптің үзіндісі әншінің Instagram-парақшасында жарияланған. Айта кету керек, Саят Медеуов бірде-бір бейнеклип түсірмей-ақ танымал болған эстрададағы жалғыз әнші.

«Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнерi мен бiлiмi - баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. «Әке» атты туындысын қабыл алыңыздар!» - деп жазды С.Медеуов өз парақшасында.

Ұлы жеңіс күніне орай ұсынған бейнебаянда әкенің отбасындағы рөлі және балаларына деген мейірімі бейнеленеді. Әншінің жаңа туындысы көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары