$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Нұртастың балалары ардагерлерді жеңіс мерекесімен құттықтады (ФОТО)

Танымал эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың балалары Ұлы жеңістің 73 жылдығына орай ардагерлерді құттықтады. Бұл туралы әншінің жары Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің instagram-парақшасында мәлімдеді.

«Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы отан соғысы ардагерлерін жеңістің 73 жылдық мерей тойымен балалармен бірге құттықтап, баталарын алудың өзі бір бақыт деп білемін. Тек ғана бір күн емес, мәңгі есімізде болсын! Жалпы бұл шара жиі болып тұрғаны дұрыс, себебі қазіргі жастардың бойында үлкендерге деген құрметті арттырып, ардагерлерді ардақтауға шақырады. Қазақ елі Ұлы жеңіс күні құтты болсын! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!

Қан майданда жеңіске жетіп, бізге бейбіт заманды сыйлаған соғыс ардагерлермен жүздесіп, көзін көру бір қуаныш. Батырлар бізге басынан өткен оқиғаларын айтып еске алған кезде, бойым суып, көзге еріксіз жас келді. Ардақты ардагерлерге мың алғыс!» – деп кездесуден алған әсерімен бөлісті ол желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары