Жақында ғана босанған отандық тележүргізуші Айгүл Мүкей жүкті кезінде не нәрсеге жерік болғанын айтты. Сонымен бірге, 15 келі артық салмақ қосып алғаны жайында өз Instagram-парақшасында бөлісті.
Айтуынша, бұрын жегісі келмейтін тағамдарға деген тәбеті жүкті кезінде ашылыпты. Балмұздаққа жерік болған Айгүл оны жемесе тұра алмайтындай халге жеткен. Сөйтіп тележүргізуші өзінің қалайша 15 келіге дейін салмақ қосып алғанын білмей қалыпты. Енді артық салмақтан қалай құтылудың жолдарын іздестіруде екен.
«Жүкті кезімде 14-15 келі артық салмақ қосып алдым. Бұдан жақын күнде құтыламын деген ойдамын. Бірақ қанша салмақ қосып алсам да, менен аса білінбеді десем болады. Себебі бұрыннан салмағым аз емес еді. Ең бастысы қазір сол кездегі тәбеттің жойылғанына қуанамын. Бұрын адамдар фри, тауық қанаттары мен бургер секілді тағамдар жегенде таңқалатынмын. Бірақ соларға деген тәбетім ашылды. Оның ішінде балмұздаққа жерік болдым» деп жазады тележүргізуші. Айта кетсек, екінші рет ана атанған 43 жастағы Айгүл Мүкей дүниеге қыз алып келген болатын. Тұңғышы Асанәліні бес жыл бұрын жасанды ұрықтану арқылы босанған. Бірақ тележүргізуші балаларының әкесі кім екенін еш айтқан емес.