Мәдениет & Шоубиз 17.05.2018 сағат 05:49

Нұртас Адамбаевты өзін «бизнесменмін» деп таныстырған ер азамат алдап кеткен

Белгілі актер, кинорежиссер Нұртас Адамбаевты өзін «бизнесмен» ретінде таныстырған қазақ алдап кеткен. Басынан өткен бұл оқиғаны ол Instagram-парақшасында жазды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл оқиға бірнеше жыл бұрын болған екен. Айтуынша, ол барған жерінде өз отандастарымыздың кейбір әрекеттері үшін ұялатын көрінеді. Сондай жағдайды Тайландқа барған бір демалысында басынан кешіріпті.
«Бірнеше жыл бұрын Тайландқа достарымызбен бірге демалуға бардық. Мейрамханада отырғанбыз, бір уақытта көрші орындықтағы жерлесіміз болып келетін ер азамат қолын көтерді. Қасымызға келіп, біздің фильмдерді жақсы көретінін айты. Өзін бизнесмен деп таныстырған ол демалысқа келгенін айтты. Тамақ алып беріп, таныстық үшін виски де алдыртты. Біз де мәз болып қалдық. Бір кезде қайта айналып келем деп кетіп қалды. Ары қарай бизнесменіміз ізін суытты. Өзі ішкен виски мен есепшотын біздің мойнымызға іліп кеткен» деп жазады актер.
Айта кетсек, Нұртас Адамбаев мұның алдындағы жазбасында да «қазақ понтын» айтып, масқаралаған болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар