Жуырда қазақ көрерменіне жол тартқан “Әміре” кинофильмінің тұсаукесеріне Гүлзира Айдарбекова да қатысты. Қайрат Нұртастың анасы аталған кинокартинаға қатысты пікір білдірді.
“Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында белгілі продюсер Әміре Қашаубаев пен бүгінгінің “хитмені”, өзінің ұлы Қайрат Нұртас жайлы сыр шертті.
“Кино өте ұнады. Әміре Қашаубаевты бүкіл қазақ елі тануы керек. Өзіміз де кішігірім болса да түйін, ұғым пайда болды. Ең бастапқы ел ағалары ғой. Киноның ішіне кіріп кете жаздадым. Бұл жастарға керек дүние ғой деп ойладым”, – дейді Айдарбекова.
Гүлзира Үсенқызы үшін бүгінгінің Әміресі – өзінің ұлы Қайрат Нұртас.
“Қайраттың әндерін шетелдіктер айтып та, аударып алып та жатыр. Өлеңдерін басқа адамдар алып жатыр. Бірақ мен оған еш уақытта ренжіген емеспін, Қайраттан мықты айтса айтсын. Халық өзі таңдап алады, кім мықты айтады. Сондықтан да біздің әнімізді айтып қойыпты, клип түсіріп қойыпты, сотқа берем деген әңгіме менде болған емес. Қайраттан мықты айтса айтсын. Халықтың таңдауында болсын”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.
Дереккөз: Stan.kz