$ 443.37  474.49  4.83

Жан Ахмадиев өзінің дәрі арқылы арықтағанын мойындады

Белгілі рэпер Жан Ахмадиев дәрінің көмегі арқылы арықтағанын мойындады. Айтуынша, өткен жылы артық салмақ қосып алған оған тіптен спорт та көмектеспепті. Өз денесінен ұялғаннан кейін амалсыздан «арықтататын дәріге» жүгініпті.

Ол ғана емес, оның алдында жарнамада көрсетіп жүрген «Gerbalife» өнімдерін де ішіпті. Не бұдан, не спорттан қайыр көре алмаған Ахмадиев соңында Индонезияда жасалатын дәріні алған. Сөйтіп лезде арықтап шыға келіпті.

«Өткен жылы адам танымастай былшиып кетіп едім, жастар мені «аға» дейтін болды. Содан не керек, семіздіктің серігі болмайын деп, арықтауға бел будым. Сөйтіп жүргенде Индонезияда жасалатын бір керемет дəрі бар екенін достарымнан естідім. Қазақпыз ғой, қайтпаймыз. Ақыры сол дəріні сататын қызды іздеп таптым. Ақылдасып көргеннен кейін бір ай қабылдап көрмекші болдым. Нəтиже аяқ-асты біліне бастады. Бұл таблеткалардың қасиеті: іштегі, бүйірдегі майларды ерітіп, ауызды тияды екен», - дейді танымал рэпер.

Осылайша артық салмақтан арылған Жан Ахмадиев ендігіде осы таблетканы жарнамалауға көшіпті. Айтуынша, бұл дәрінің денсаулыққа зияны жоқ, тек шөп қоспаларынан жасалған екен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары