Мәдениет & Шоубиз 21.05.2018 сағат 03:31

Елбасының өзі министрлікке шақырғанда бас тартқанмын – Алтынбек Қоразбаев

Алтынбек Қоразбаев сұхбатында өнері мен шығармашылығы, отбасы, өмірлік ұстанымдары жайлы айтып өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сазгер Аман Тасығанмен «Talk like» бағдарламасында қонақ болды. Алтынбек Қоразбаев өнері үшін лауазымды қызметтен де бас тартқанын айтты.

«1989 жылы Алматыда Махтай Рамазанұлы деген лауазымды ақсақалдың үйінде елбасымен бірге қонақта болдым. Елбасымыз мені арнайы Тараздан шақырып, барлық әндерімді тыңдады. Өзі арасында қосылып айтты. Сосын «Алтеке, қазір қандай қызметтесің? деп сұрады. Мен Жамбыл облыстық филормонияны басқарып жүргенімді айттым. Соның директоры әрі көркемдік жетекшісі болдым.

Елбасы сонда «Он жылдай басшылықта жүріпсің. Енді Мәдениет министрлігінің орынбасары қызметіне келетін уақытың болыпты» деді. Бірақ мен көп ойланған жоқпын, Нұрсұлтан Әбішұлы, мен қазір шығармашылық шарықтау шыңында жүрмін. Рұқсат болса, 5-6 жылдай шығармашылықпен айналыссам дедім. Оған қарсылық білдірген жоқ. «Өзің біл, бауырым» деді. Ол кездегі шешімім үшін өкінбеймін де. Өйткені, сүйікті Шәкірттерім Мейрамбек, Тоқтар Серіктің жаңа қанат қағып келе жатқан кезі. Оларды елге таныту, өнерін шыңдауым керек болды», – дейді сазгер.

Қоразбаев үш қазақтың жігіт деген таңдауға елбасы Назарбаев пен Нұрғиса Тілендиевті, Мұқағали Мақатаевты атап өтті.

Дереккөз: Stan.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар