Табиғи сұлулық десе, көпшілік эстрада жұлдыздары арасынан шертіп тұрып Мәдина Садуақасованы көрсетеді. Соңғы кездері Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімоваға да осы статусқа ілігіп жүр. Ал Меруерт Түсіпбаева ше? Ол табиғи сұлулық жайлы не дейді?
«Қазір макиязсыз суретіңді Intagram-ға салып қойсаң «Апай, ұйықтамадыңыз ба?», «Қартайыпсыз», «Фу, кемпір» деген сияқты пікірлер жазады ғой. Сосын өзіңе қарап жүруге тырысасың», – дейді әнші «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында.
Әнші боянбаған күндері күннен қорғайтын көзілдірік киіп алады екен. Ал ине сап, кәріліктен қорғайтын препаратты қабылдауға Түсіпбаеваның ұлы тосқауыл боп жүр екен.