$ 443.37  474.49  4.83

Балықты жек көретін маған балықшы рөлі тигенін айтсаңшы: Мейрамбек Бүркіттің фильміне түсіп жатыр (ВИДЕО)

Кино саласында бағын сынап, өзін режиссерлік қырынан көрсетіп жүрген Бүркіт 2-филімін түсіруді бастап кетті. Жаңа туындыда басты рөлдердің бірін танымал әнші Мейрамбек Беспаев сомдайды.

Фильм «Загадай желание» деп аталады. Жанры – экшн-комедия.

«Балықты жек көретін адаммын. Балық жемеймін. Бірақ кинода балық аулайтын эпизодқа түсу бұйырғанын көрмейсің бе?» – деді Беспаев.

Сондай-ақ кинокартинада Бүркіттің келіншегі Аиша мен жиен қарындасы Әсел де бой көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін көпшілік Бүркіттің «Апан» атты фильмін тамашалаған. Алайда кино мамандары оның тырнақалды туындысына көп сын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары