$ 498.34  519.72  4.85

Жәния Журинская: «Ақша үшін жататын қыздарға басымды иемін!»

Отандық актриса Жәния Журинская menshealth.kz журналына берген сұхбатында шоу-бизнестің былығы жайында сөз қозғады. Ондағы ақша үшін тәнін саудалап жүрген қыздарға қошемет білдіретінін айтты.

«Ақша үшін жататын қыздарға басымды иемін! Оларда қандай мақсат, күш-жігер бар десеңізші? Өз арманына, мақсатына осылай жетуге тырысады. Қошемет көрсетемін! Бірақ мен олай жасай алмаймын. Мен шоу-бизнестің неше түрлі былықтарын көрдім. Ондай нәрседен теріс айналып өтемін. Өйткені өзімді былғап алғым келмейді», – дейді Жәния.

Сондай-ақ, ол өзінің тұрмысқа неліктен шықпай жүгенінің себебін түсіндірді. Айтуынша, басқалары секілді «25 жаста тұрмысқа шығуым керек» деген стереотипке бағынбайды екен. Отбасы құндылықатарына жеңіл қарамайтынын сөз етіп, күйеуге асықпай, ойланып барып шығатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары