$ 441.66  475.14  4.86

«Қысқа кимеші, қарындас»: Бұл еркектің айтатын ақылы емес – блогер

Белгілі әнші Серік Ибрагимов «Қысқа кимеші, қарындас» эстафетасын жариялады. Мұнысымен ол қыздарды қысқа етек көйлек кимеуге шақырып отыр. Оның бұл пікірін қолдаушылармен бірге, қарсылық білдіргендер де табылды.

Отандық блогер Айна Досқызы болса «Қысқа кимеші, қарындас» деп айтушы жігіттердің өзін сынап тастады. Оның пікірінше, қызды тәрбиеге салу, оған кеңес беру бөтен еркекке тән қылық емес.

Айта кетсек, әнші жақында ғана «Қысқа кимеші, қарындас» әнін тыңдарманға ұсынған болатын. Енді осы әніне желеу етіп эстафета жолдап отыр. Оның бұл ісін белгілі әнші Қайрат Түнтековтен бастап басқа да жігіттер қолдап жатыр. Тіптен өз парақшаларында бөлісіп, қыздарға ақыл айтуға көшкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары