$ 494.87  520.65  4.91

Сен сүндеттелгенде той жасай алмадық: Інісін туған күнімен құттықтаған Роза Әлқожаның жазбасы жұртты жылатты

Ескіні еске алып, інісі Әбдіжаппар Әлқожаны туған күнімен құттықтаған Роза Әлқожаның жазбасы  көптің көңілін босатты.

«Жапонтай! Жарық күн! Бүгінгі Алла жарық сəуле сыйлаған атаулы күнің, толған жаңа жасың құтты болсын! Сен өмірге келгенде анаң науқастанып көп жатты. Сен сүндеттелгенде өзің ауырып той жасай алмадық.

Сен оқуға түскенде мұғалімің оң қабақ таныта алмады. Сені жетелеп сахнаға алып шыққанда туысы ғой деп, талантыңа күмəн келтіріп, түріңе қарап қазаққа қимағандар көп болды.

Өз еңбегіңмен, менен бөлініп кетіп елге танылдың. Тəтті əнің сəтті шықты. Шынберген ағаға мың алғыс!

Біз көтере алмадық, ел көтерді! Біз тани алмадық, ел өз баласындай жақсы көріп алды!

Енді сол елге иіліп еңбек ете бер! Сенің бойыңдағы сезімталдық, кішіпейілдік, шығармашылық қасиетті жаныма ерген жандардан таппай жалғызсырайтыным жасырын емес сапарда. Сенің адалдығыңа ие болған адам – жанын саған сеніп тапсыруына болатынын білем!

Сенің назаңа қалғандар жазасын өмірден алуда…

Сондықтан жаным, тəңір берерін тауыспасын!

Осы елге өзіңдей бір бойына бірнеше қасиетті жинақтаған ұл қажет-ақ. Аман жүр. Ұзақ жаса! Сен аман болсаң əлі көп шаруа жасайтыныңа сенем! Сенің басың идеялардың ордасы ғой!

Көптің тілеуімен көгере бер, елдің баласы!», – деп жазды әнші.

«Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді» демекші, Роза Әлқожаның жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті.

«Оқып отырып, сол кезең көз алдыма елестеп кетті. Мөлдіретіп жазыпсыз. Көзімнен еріксіз жас тамды. Бақытты болыңыздар», «Керемет құттықтау. Осындай әпкеңіз бар бақыттысыз, Әбдіжаппар», «Туған күніңізбен! Бақытты болыңыз!», – деп пікір қалдырды олар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары