01.06.2018, 04:17

КешYou тобының үшінші әншісі белгілі болды

КешYou тобы Элизат Берікова кеткелі біраз уақыт 2 әншісімен сахнаға шығып жүрген еді. Тіпті кейде Ақбота Сейітмағамбет те 3-қыздың орнын жоқтатпай, арада бір ән айтатын. Енді өнер ұжымы толыққанды жұмыс жасауға дайын.

Баян Алагөзованың таңдауы Ақбота есімді бұрымды қызға түсіпті.

«Ал, танысып қойыңыздар! Тобымыздың жаңа мүшесі – Ақбота Құрманғали», – деп жазды продюсер желідегі парақшасына.