Димаш Құдайберген табиғи дауыста ән айтпайтын «жұлдыздарды» сынға алды. Айтуынша, кейбір әншілерден қарағанда балалар әлде қайда дарынды.
«Міне, əне-міне дегенше “Бақытты бала” атты бірінші халықаралық конкурс аяқталды. Осы конкурстан соң-ақ мен эстрада өнерінің шынайы жарық жұлдыздары өсіп келе жатыр деп сенімді түрде айта аламын. Кейбір “жұлдыздарға” табиғи дауыста əн шырқауды осындай балапандардан үйреніңдер дегім келеді. Егер, осы сөзіммен біріңіздің көңілдеріңізге қаяу түсірген болсам, кешірім сұраймын. Алайда шындықтың жолы сара жол, ол айтылуы тиіс. Мына видеода Наргиз бен Ержан. Екеуі де Гран при иегері. Шын жүректен құттықтаймын. Жалпы Барлық үміткерлер бары мен жанын салды. Біз сендермен əрдайым мақтанамыз. Тек қана сəттілік тілейміз. Жеңісті күндерде кездескенше аман-сау болыңыздар», – деп жазды ол Instagram-парақшасына.
Айта кетейік, Ақтөбе қаласында «Baqytty bala – 2018» халықаралық байқауы өтті. Шараға 20 елден 420 бала қатысты.