$ 443.37  474.49  4.83

Қазақ баласы Малаховтың шоуында ән айтып, орыстарды аузына қаратты (ВИДЕО)

Мейрамбектің термелерімен желіде танымал болған Нұрмұхаммед Жақып Андрей Малаховтың шоуына қатысып келді. Жас өнерпаз ресейліктерді өзінің «Мама» атты әнімен таңдай қақтырды.

Малахов Нұрмұхамедті студияға «Қазақстанның өсіп келе жатқан жұлдызы» деп шақырды. 10 жасар бала шетелде көрсетіп келген өнерінің өзі үшін үлкен жетістік екенін айтады.

«Бұл да менің бір жеңісім, Ресей төрінде ән шырқау. Ал менің жеңісім әрқашан қазағымның жеңісі болмақ. Осындай әдемі әнді маған сеніп, өз рұқсатын берген Юлдуз Усманова апама үлкен рақмет. Сіз мықты адамсыз. Алдымда үлкен байқау, маған сәттілік тілеңіздер», – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары