$ 494.87  520.65  4.91

«Қымыз – иммунитетті көтереді»: Меруерт Түсіпбаева жұртты менингиттен сақтануға шақырды

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева жұртты менингококты инфекциядан сақтануға шақырды.  Ол үшін әркім өзінің денсаулығын қадағаласын деген ол, иммунитетті көтеру үшін қымыз ішуге кеңес берді.

«Достар,бір қиын жағдай туып отыр басымызға. Өзіміз сақтанайық. Кеше бір дәрігерден кеңес алып, менингит мәселесі туралы ақпарат алған соң жазып отырмын. Әсіресе ораза ұстап, әлсіреп жүрген жастар,сақ болыңыздаршы. Министр  «ауыздарыңды ашып жіберіңдер» деп кеңес беріп те жатыр. Мен олай деуге қақым жоқ. Әркім өзі шешеді. Қымыз – иммунитетті көтереді», – деп жазды әнші өзінің Instagram-парақшасында.

Аурудан сақтанудың жолдарын көрсеткен Меруерт Түсіпбаева, осыдан екі күн бұрын менингиттен көз жұмған 5 жасар Димаштың ата-анасына қайғырып көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары