06.06.2018, 04:20

«Әйелдің қалай киінуін сіздер шешпейсіздер»: Айсәуле Бақытбек ашық киетін қыздарды сынаған ер азаматтарға жауап берді

Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек қысқа етек киетін қыздарды сынға алып жүрген шоу-бизнестегі кейбір ер азаматтарға жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі заманда әйел не істесе де, не кисе де өзі біледі. Оған ешкімнің қарсы шығуға қақысы жоқ.

«Қыздарға кішкентай кезінде еркектің назарын өзіңе аударма деп айтады. Бірақ керісінше, ұл балаға әйел жыныстық қатынас үшін емес екенін түсіндіру керек шығар. Әйел де тұлға! Сондықтан біздің киген киімімізге сөйлеудің қажеті жоқ. Бізге жеке тұлға ретінде қарау керек. Әдемі аяқтарымды көрсету үшін неге мен ұялуым керек? Сымбатты денемді неге көрсетуден қымсынуым керек? Өз-өзіне дұрыс ұстай алмайтын еркекке неге ұят емес? Егер өзіңді ұстай алмасаң, онда проблема сенде. Instagram-парақшасын аңдымай, одан да психологқа жүгінгенің дұрыс. Әйелді қалай сыйлауды саған үйретпеген болу керек. Әйел алдыңда тұрған жануар емес, ал сен оны аулайтын аңшы емессің. Естеріңде сақтаңдар, біреудің қалай жүріп-тұруына араласуға сендердің қақыларың жоқ», – деп жазады Айсәуле өз Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, Баян Алагөзованың қызы шоу-бизнестегі кейбір жігіттерді сынап тастады. Олардың екіжүзділігін айтып, әйелді бір саты төмен көретініне қарсы екенін жеткізді.

«Өздеріңді діндар етіп көрсетесіңдер. Ауызашар беріп, жабық киінген әйелдеріңді көрсетіп мақтанасыңдар. Бірақ сендерге сұрағым бар. Ал дінде ән айтып, секіруге рұқсат берілген бе?», – деп ол эстрададағы «намазхан» әншілерден.