$ 494.87  520.65  4.91

«Мен саған ту дедім ба?»: Байзақова өзінен ақша сұрап, мазасын алатындарға ашуланды (ВИДЕО)

Атышулы блогер Айжан Байзақова өзіне қоңырау шалып, көмек сұрайтындарға ашуланды. Оның айтуынша, үш баласы бар әйел қайта-қайта хат жазып, мазасын алады екен.

«Соңғы уақытта маған қыздар жағдайларын айтып хат жазып жүр. Үш балам бар, ақшам жоқ, күйеуім жұмыс істемейді дейді. Банк картасын жазып, соған ақша жіберуімді сұрайды. Бірақ сенен сұрағым келеді: Мен ба саған ту деген?», – дейді Байзақова өз Instagram-парақшасында хат жазған қызды балағаттап.

Сондай-ақ, Байзақова өзін басқа біреудің проблемасы қызықтырмайтынын айтып, ақша сұрауларын доғаруларын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары