Белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы әйелімен ажырасып кеткенін мәлемдеді. Ол өзінің Instagram-парақшасына өзге келіншекпен құшақтасып тұрған суретін жүктеді.
Алғашқыда желі қолданушылары сенбей, әншінің өз әйелі болар деп ойлады. Бірақ Жұбаныш Жексенұлы сұраған оқырманның біріне «Динамен ажырастық» деп жазды.
Көпшілік әншіге құтты болсын айта бастаған. Десек те кейбіреуі «Сізден мұндайды күтпеген едік» деген жазба қалдыруда.
Айта кетсек, бірнеше ай бұрын ғана әнші ұлын үйлендірген болатын.