$ 494.87  520.65  4.91

Балаларын қыдыртып жүрген Қайрат Нұртас жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (ФОТО, ВИДЕО)

Қайрат Нұртас желідегі парақшасына бала-шағасымен Астанада қыдырып жүрген суреттері мен видеоларын бөлісті. Бұны көрген көпшілік әншіге сүйсіне қарап, жағымды пікір қалдырған.

Серуендегі фотоларға қарағанда олардың Есіл жағасында жүргені байқалады. Әнші балаларына соңғы кезде дендеп кеткен менингит дертінен сақтанып, маска кигізуді де ұмытпапты. Ал, көпшілік болса, Қайрат Нұртастың үлгілі әке екенін жарыса жазып жатыр.

«Осы Қайрат бәріне уақытты қалай табады екен? Тойы бар, концерті бар. Жарайсың! Нағыз әке осындай болса керек», «Бақытты отбасы екені көрініп тұр. Бәрі де тәрбиелі. Кенжесі аумаған әкесі екен. Бақытты болыңдар!», – деп желідегілер жүрекжарды тілектерін жазды.

Айта кетейік, әнші биыл Астана мен Алматыда өткен концертінде халық алдына балаларын шығарып, арнайы таныстырған. Кеште әншінің әр баласы өнерін көрсетіп, елдің ықыласына бөленген еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары