«Маған да жүн шығады ғой». Осылай деген Нұрболат Абдуллин Мақпал Жүнісованы өлгенше күлдірді. Олардың осынау сәттегі видеосы Instagram-парақшасында қызу талқыланып жатыр.
Грим жасау бөлмесінде отырған Мақпал Жүнісовамен амандасуға Нұрболат Абдуллин кіріп келеді. Әншінің мұртын көріп, таң қалған Жүнісова оған: «Ей, сен мұрт қойып алғансың ба? Бір түрлі екен» дейді. Абдуллин де қалыспай, Халық әртісіне «Маған да жүн шығады ғой» деп қойып қалады.
Екеуара диалогтан соң қос әнші арқа-жарқа күліп алады. Кейін Абдуллин мұрттың арнайы түсірілім үшін өсіріп жүргенін жеткізеді.
Өз кезегінде желі қолданушылары өнер адамдарының өзара жарасымды әзілдескеніне риза боп, түрлі пікір жазып жатыр.