$ 494.87  520.65  4.91

Ләйлә Сұлтанқызы ағылшын тілінде ән айтқан Қайрат Нұртасты қолдады

Танымал әнші Қайрат Нұртас інісі Заңғармен бірге орындаған ағылшын тіліндегі «My Universe» әні көпшіліктің сынына ілікті. Екі күн бұрын ғана ағайындылар әндерінің бейнебаянын жарыққа шығарған болатын.

Кейбір тыңдармандар Қайрат Нұртастың ағылшын тілінің онша емес екенін айтып, сынап жатыр.

Олардың бірі «Қайрат қазақша айта берші, қайтесің тіліңді бұрмалап» десе, кейбіреуі «Қайраттың өзге тілде ән айтуы сатқындық», – деп жазуда.

Алайда, белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ағылшын тілінде акцентпен ән айтқан Қайратты қолдады. Сондай-ақ, болашақта әншінің ағылшын тіліндегі әндерінің альбомын шығаруына тілектес екенін жеткізді.

«Жарайды, акцент бар шығар. Сіздерге Қайраттың ағылшынша айтқаны ұнамаған шығар. Қараңыздаршы, Тарканды түрікше акцентпен тыңдаймыз ғой, Арашты да, үндісті де, кәрісті де бәрін тыңдай береміз. Ал Қайратты неге тыңдай алмаймыз? Менің ойымша, бұл тыңдарманның комплексі сияқты», – деп жазды Ләйлә Instagram-парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары