Қайрат Нұртас кеше 4 баласын алып, Астананы аралап, қыдырыстады. Көбіне гастрольдік сапарлардан босай бермейтін әке бақытты күніндегі естеліктерін желіге бөлісіп әлі тауыса алмай жатыр.
Видеода әншінің үлкен ұлы Нарұл: «Алладан кейінгі шеберім, Жан әке жан жүрегім. Самғасам күш қуат демедің, Сүрінсем тірегім. Қалдырмас аязға ызғарға, Алыбым асқар тауым. Жан әке қасымда сіз барда, Арайлы әлі таңым», – деп әкесін құшақтап ән шырқайды. Ал қайырмасында Қайрат ұлына қосыла кетеді.
Желі қолданушылары әкесі мен баласының әдемі көрінісіне таң қалып, тебіреністерін жеткізген.