$ 443.37  474.49  4.83

Жақында ғана заңды некелерін қиған Дәурен мен Ақбота үлкен тойға дайындалып жатыр (ВИДЕО)

Бұған дейін «ажырасып кеттік» деп, кейін заңды некелерін қиған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет үлкен тойға дайындалып жатыр. Бұны Ақботаның ақ көйлек таңдап жүрген сәтінен аңғаруға болады.

Ақбота той салонында аппақ көйлек киіп, мәз боп тұр. Желі қолданушыларының пікірі бұл жағдайға келгенде екіге жарылды. Бірі – жас жұбайларға бақыт тілесе, екінші бірі – Ақботаны «тоқал» деп сөгіп жатыр.

«Той қашан? Бақытты болыңдар!», «Әйтеуір баланы жетім өсірмесеңдер болды. Жақсылықтың ерте-кеші жоқ», «Нешінші әйелі боп тимексің? Соған да мәз боп тұрсың ба? Тоқал болғалы жатырсың ғой. Одан да жалғыз жүргенің артық еді», – деп жазды олар.

Ақботаның ақ көйлегі тойға емес, түсірілімге таңдалған болуы да әбден мүмкін.

Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет «Гламур для дур» фильмінен кейін бір-біріне ғашық боп, махаббат хикаясын бастан кешірген. Қазір олардың ортақ некелерінен 1 ұл бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары