09.06.2018, 06:24

«Менің әкем ең жақсы адам»: Қайрат Нұртастың баласы жағалауда әкесіне ән арнады (ВИДЕО)

Қайрат Нұртас кеше 4 баласын алып, Астананы аралап, қыдырыстады. Көбіне гастрольдік сапарлардан босай бермейтін әке бақытты күніндегі естеліктерін желіге бөлісіп әлі тауыса алмай жатыр.

Видеода әншінің үлкен ұлы Нарұл: «Алладан кейінгі шеберім, Жан әке жан жүрегім.  Самғасам күш қуат демедің, Сүрінсем тірегім.  Қалдырмас аязға ызғарға, Алыбым асқар тауым. Жан әке қасымда сіз барда, Арайлы әлі таңым», – деп әкесін құшақтап ән шырқайды. Ал қайырмасында Қайрат ұлына қосыла кетеді.  

Желі қолданушылары әкесі мен баласының әдемі көрінісіне таң қалып, тебіреністерін жеткізген.