09.06.2018, 09:06

Нұржан Керменбаев: «2000 долларлық күртешелерді киемін» (ВИДЕО)

Отандық әнші Нұржан Керменбаев 2000 доллардың күртешелерін ғана киетінін айтып мақтанды. Жақында ғана Астанада өткен «Open air» жобасына қатысқан ол жаңаша стилімен көзге түскен болатын.

Әнші анау-мынау, яғни 100 доллардың киімдерін менсінбейтін болып шықты. Айтуынша, ондай бағаға алған күртешелерді ары кетсе үш ай ғана киеді екен. «Иә кейде 2000 долларға күртеше сатып алатын кездерім болып тұрады. Өзімізді солай еркелетіп қоямыз. Өйткені мен жүз долларға алған күртешені ұзақ кие алмаймын. Ал 2000 долларға алған киімдерді ұзақ киемін. Өйткені жақсы сақталады, сапасы да басқа болады. Сондықтан 2000 долларлықтың киімдерін аламын», - дейді Нұржан Керменбаев «Сөккен әңгіме» интернет-жобасына берген сұхбатында.