Мәдина Сәдуақасованы ресейлік әнші Анна Семенович ел көзінше масқара етті деп мәлімдейді Астана телеарнасы.
Видеода Садуақасова ресейлік әншінің алдынан шығып құшағын жаяды. Ал Семенович болса, оны ысырып, кетіп қалады.
“Біз бағана Анямен онкологиялық ауруханаға бірге барғанбыз. Сол кезде суретке түсейік дегенде, мен киімім онша емес, көйлегім жаман болып тұр, кейінірек түсейік дегенмін. Соған ренжіп қалды ма енді көйлегімді дайын кезде ол тырысып қалды”, – дейді Садуақасова.