11.06.2018, 04:07

Жәния Джуринская неге басқа ұлттың тегін арқалап жүргенін айтты

Жәния Джуринская Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Әкесі – қазақ. Бірақ басқа ұлттың тегін неге арқалап жүр? Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Көбісі менен тегім жайлы сұрайды? Мен асылында Садықова болуым керек. Әкемнің әкесінің аты – Садық. Ал әкем анасының тегін алған. Яғни – Джуринская. Мен де солай жазылып кеткенмін. Әкем Садықова болғанымды қатты қалады. Бірақ маған ұнамады. Қазіргі тегім ұнайды», – деп жазды ол.