Белгілі әнші Алтынай Жорабаева өзін «Сенің табысың көп» деп көре алмайтындарға ренішін жеткізді.
Айтуынша, көпшілік оның қалтасындағы ақшасын санайды. Тіптен соңғы уақытта оған «Табысыңды жетім-жесірге бер» деушілер қатары көбейіп кетіпті. «Мен де ет пен сүйектен жаралған пендемін. Менің де жүрегім бар. Менің де сезімім бар. Менің де көңілім бар», – деп жазды Алтынай Жорабаева Instagram-парақшасында. Сондай-ақ, өзін бай емеспін деген ол, кез келген адамға көмектесуге міндетті емес екенін де айтты. Айта кетсек, Алтынай Жорабаева бірнеше ай бұрын өзінің жиһаз салонын ашқан болатын.