Қазақстанға еңбегі сіңген артист, опера әншісі Майра Мұхамедқызы өзіне теріс пікірген желі қолданушысын орнына қойды. Әнші оқырманына ортаңғы саусағын көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.
Опера әншісі қызын қай мектепке берген жөн болатыны білгісі келіп, кеңес сұраған.
«Аида қызымыз көзді ашып жұмғанша бала бақшаға тарыдай болып барып бір ауыз орысша білмеген баламыз қазір өзіңді жаңылдырады.
Ендігі ең басты мәселе, Астанадағы қайсы мектепке баламызды оқытамыз және қай тілде оқытамыз деп басымыз қатты! Сіздердің балаларыңыз қайсы мектепке бармақ? Қайсы мектепте жақсы ұстаздар бар? Сіздер қандай кеңес берер едіңіздер Тәжірібелеріңізбен бөлісе отырсаңыздар», -деді Майра Мұхамедқызы.
Ал желі қолданушыларының бірі әншінің Қытайдан келгенін есіне салып, қытай тіліндегі мектепке беруге кеңес берген.
Бұл мысқыл сөздерге шыдай алмаған әнші оқырманына ортаңғы саусағын көрсеткен.