12.06.2018, 09:24

«Өшір, құрт»: Маржан Арапбаеваның жаңа образы жұртты шошытты

Қытайда өтетін «I am a singer» жобасының келесі жылғы шығарымына қатысуды жоспарлап жүрген Маржан Арапбаева дәл қазір шығармашылығын шыңдау үстінде. Мәскеуде бейнебаян түсіріп жүрген ол соңғы кездері түрлі образдарға еніп, тыңдармандарын таң қалдырып жүр.

«Мәскеуден сәлем, достар! Жаңа әніме жаңа бейнебаян түсіріліп жатыр. Менің образдарым әртүрлі болайын деп тұр. Ал мынау бастамасы», – деп жазды әнші.

Ал желі қолданушыларының көбі Арапбаеваның жаңа образын көріп, таң қалғандарын жасырмады.

«О-о-о, қызық болайын деп тұрған сияқты. Эшкере болсыншы, Маржан әпке. Ең бастысы ашық шашық киінбей төсін алға тастап қойған жоқ ғой. сонша не болды, xалқым?!», «Өшір, құрт», «Мынау немене тағы? Шошып кеттім ғой?», – деп әнішінің тыңдармандары түрлі пікір қалдырды.