12.06.2018, 10:25

«Хайп болсын»: Қайрат Нұртас жаңа хитінің 1 миллион қаралым жинағанын айтты (ВИДЕО)

Осыдан тура 1 апта бұрын Қайрат Нұртас інісі Заңғар Нұртаспен бірігіп «My universe» әнін көпшілікке ұсынған болатын. Жаңа туындыны қарағандар саны 6 күнде 1 миллионға жетіпті. Қуанышты жаңалығын шетелде демалыста жүрген әнші желідегі парақшасында бөлісті.

«Бір миллион қаралым. Трендте бірінші орында тұрмыз. Хайп болса, xайп болсын. Еш жеріміз майып болмаса болды. «Май өнивөрс», – деп жазып қойды әнші.

Айта кетейік, бұл әнді жұрт youtube-порталына жарияланғалы қызу талқыға сала бастады. Тіпті, вайнерлер де әнге түрлі пародия жасап, елді әлі күнге күлдіріп жатыр.