Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова өзін «мақтаншақсың» деп сынағандарға жауап берді.
Отбасымен Түркияда демалыста жүрген актрисаның жүйкесіне оқырмандарының ауыр сөздері тие бастаған сыңайлы. Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі актрисаны және оның жақындарын балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер жазып жіберетін көрінеді. «Қазіргі заманда адамзат даналыққа ұмтылудың орнына керісінше ұсақталып барады. Өкінішті-ақ. Біз тәуелсіз болашақ ұрпақ тәрбиелеудеміз, оларға үлгі бола білу керекпіз. Өмірді қиындататын Сіздің түпкі санаңыз, бұған ешбір қоғам, заман кінәлі емес. Мен кейбір адамдарды түсінбеймін. Егер сізге мезі болсақ, неліктен біздің отбасымыздың аккаунтына кіріп, бар "ақылдарын" бізге ғана жазады? Тағы тек жазып ғана қоймай ұырсып та, балағаттап та алады екен», – деп жазды Жұлдыз өзінің Instagram желісіндегі парақшасына.
Сондай-ақ, Қайраттың келіншегі шетелде тек өздері ғана қыдырып жүрмегенін айтып, желі қолданушыларынан өзін бей-берекет сөкпеуге шақырды.